"Тұман, көктайғақ, бұрқасын". Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды

/image/2021/11/08/crop-100_24_759x1013_4400324a7bbdc8c6b2612ec6a2d4215c.jpg

Қазгидромет 9-10 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, елдің бастысы мен солтүстік-батысында жауын-шашын болуы мүмкін. Тұман, көктайғақ, бұрқасын болады деген болжам жасалды.

11 қарашадан бастап ауа температурасы батыс, солтүстік-батыста түнде -10-0°C-қа дейін, күндіз -5,+5 °C-қа дейін жоғарылайды. Оңтүстік-батыста түнде +2, +7°C жылы, күндіз +5, +10°C болады. Солтүстікте түнде -2, күндіз +3°C-қа дейін жетеді.

Республиканың қалған аумағында жауын-шашын жаумайды, күндіз ауа температурасы +5, +15°C дейін көтеріледі.

Жел жылдамдығы 15-23 м/с-ке дейін күшейеді.

Ірі қалалардағы ауа райы

Нұр-Сұлтанда 9 қарашада күн ашық, түнде -2°C, күндіз +5°C жылы. Сәрсенбіде күн бұлтты, түнде -2°C, күндіз +4°C жылы. 11 қарашада қар жауады, түнде -1°C, күндіз +3°C болады.

Алматыда сейсенбіде күн бұлтты, түнде 0°C, күндіз +8°C жылы. 10-11 қарашада күн ашық, түнде 0, +2°C жылы, күндіз +8°C көрсетеді.

Шымкентте 9 қарашада күн бұлтты, түнде +3°C, күндіз +13°C жылы. 10-11 қарашада түнде -1, +1°C болса, күндіз +13, +15°C болады.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар