Ақтаудың "Шерқала" кешеніндегі "Аянат" асханасының иесі жарылыс кезінде қоғамдық тамақтану орнында ешкім болмағанын айтты.
Ол асхананың есігін жауып, сағат 19:30-дың шамасында отбасымен бірге кетіп қалғанын айтады.
– Дәмханада адам қалған жоқ. Мен сағат 19:30-дың шамасында бала-шағамды алып, шығып кеткенмін. Өзім жауып, құлыптап кеттім. Арғы жағында тағы ас үй бар. Олардың жағдайын білмеймін. Екінші қабатта тігін цехы бар. Оларға да мен жауап бере алмаймын. Кім болғанын білмеймін, – деді "Аянат" асханасының иесі Абай Әміреев.
"Шерқала" кешенінің иесі Жәнібек Әжмұханов та жарылыс кезінде "ғимаратта ешкім болмады" деп мәлімдеді.
Осы нысанда асханадан бөлек мейрамхана, техникалық қызмет көрсету станциясы, қоймалар, арнайы киім мен автобөлшектер дүкені болған.
Жарылыс кезінде 11 автокөлікке зақым келген. Адам шығыны туралы ақпарат жоқ.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ақтау әкімі Нұрдәулет Қилыбай сағат 00:00-ге дейін ешкім медициналық көмекке жүгінбегенін айтты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Төтенше жағдайлар министрлігінің соңғы мәліметі бойынша, жарылыс салдарынан 11 көлік зақымданған. Жол полицейлері эвакуатор арқылы үш көлікті эвакуациялаған. Қалған сегіз көліктің иелерін анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сондай-ақ жарылыс "Аянат" кафесінде емес, жақын жердегі самса мен палау сататын дүкенде болғаны белгілі болды.
7 қарашада күні екі қабатты "Аянат" дәмханасында жарылыс болып, салдарынан ғимарат толығымен қираған.
Пікір қалдыру