Таразда автобус жүргізушісі 58 жастағы әйелді қағып кетті. Бұл туралы Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқыс оқиға бүгін таңғы сағат 08:50-де болған.
22 жастағы қоғамдық көлік жүргізушісі қаладағы Жамбыл мен Төле би көшелерінің қиылысында жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан 58 жастағы әйелді қаққан. Салдарынан тұрғын оқиға орнында көз жұмған.
"Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі (көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды", деп жазылған хабарламада.
Полиция департаменті басқа ақпарат тергеу мүддесінде сәйкес жария етілмейтінін хабарлады.
Пікір қалдыру