Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев тікелей бағыныштылардың жемқорлығы үшін басшылардың жауапкершілігі институтынан хабардар етті.
Спикердің айтуынша, бүгінде әрбір қылмыстық іс бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға ҚР ҚПК 200-бабы шеңберінде сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жою бойынша ұсыныстар енгізілуде. Олардың барлығы Департамент өкілдерінің қатысуымен еңбек ұжымдарында қаралады.
Осы іс-шаралар аясында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен себептер қаралады, құқықтық актілер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қайта қарау бойынша ұсыныстар енгізіледі.
Қылмыстық істерді тергеу шеңберінде мемлекеттік органдарға 49 ұсыну енгізіліп, оның 46-ы қаралған.
Қарау нәтижесі бойынша 24 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 3 атқарып отырған лауазымнан босатылса, 5 жұмыстан босатылды.
Пікір қалдыру