"Жаңбыр, қар, көктайғақ". Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды

/image/2021/11/12/crop-215_5_797x1062_e1e8327fa0d09ddcf1eac40de3952673-e1576150066428.jpg

"Қазгидромет" 13-15 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің дерегінше, республиканың барлық өңірінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ, солтүстікте бұрқасын болып, екпінді жел күтіледі.

Батыста ауа температурасы түнде -5 градусқа дейін төмендейді, күндіз  +10 градусқа дейін жылы болады. Республиканың солтүстік, солтүстік-батыс және шығыс пен орталық аймағында түнде сынап бағаны -1,-10 градус, күндіз +7 градусты көрсетеді. Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде -1,-10 градус аяз болады, күндіз +10 градус жылы болады деп болжанады. 

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар