Әлеуметтік жаңғырту 20-тапсырма

/uploads/thumbnail/20170708195440325_small.jpg

20-шы ТАПСЫРМА

ҚР Үкіметі:

- 2012 жылдың соңына дейін әлеуметтік үдерістерді мемлекеттік басқару жүйесінің, жоспарлау, үйлестіру, сараптамалық жолбас­шы­лық, үкіметтік емес сектормен әріптестік және басқа да мәселелерді қоса алғанда, тиім­ділігін арттыру жөнінен кешенді ұсыныстар әзірлеп, енгізсін;

- 2012 жылдың соңына дейін азаматтық қызметті заңдық реттеу мәселесін зерттесін;

- 2013 жылдың 1 шілдесіне дейін Әлеуметтік жаңғыртудың 2016 жылға дейінгі кезеңге арналған жалпыұлттық жоспарының жобасын әзірлесін.

 

*  *  *
Бүгін мен өз сөзімді барлық қазақстандықтарға арнаймын.
Біз әлемдік дағдарыстың қиыншылықтары арқылы ХХІ ғасырға жаңа - 
ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ЕҢБЕК ҚОҒАМЫ 
трендінің қалай біртіндеп еніп келе жатқанын 
айқын көріп отырмыз.
Либералдық бағыттағы да, сол сияқты социалистік бағыттағы да

қиялшыл идеялар өткен ғасырдың еншісінде қалуда. 
Әлеуметтік реализм 
іс жүзіндегі векторға айналуда.
Сондықтан біздің әлеуметтік саясат бәсекеге қабілетті және күшті 
ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ЕҢБЕК ҚОҒАМЫН 
құруға бағытталуы тиіс.
Шындықты мойындайық: болашақта ХХІ ғасырда тек 
ЕҢБЕК 
қана барлық қазақстандықтардың 
ӘЛ-АУҚАТҚА  
және жаңа 
ӨМІР САПАСЫНА 
қол жеткізуін қамтамасыз ете алады. Мен қазақстандықтардың

әлеуметтік жаңғырту саясатына қолдау көрсететініне, оның сыртында

                                                 оны жүзеге асыруға барынша тікелей және мүдделі түрде атсалысатынына мейлінше сенімдімін.

Қатысты Мақалалар