ШЫМКЕНТТЕ СПОРТ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА БАСТАДЫ

/image/2021/11/15/crop-157_6_574x765_755d2dbc-8d37-4672-acfd-7a0110bf2a1b.jpeg

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту, балаларға спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету тапсырмасына сәйкес, қалада көптеген спорт нысандары ашылып, тұрғындар игілігіне берілуде.

Бүгін Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №74 жалпы орта білім беретін мектебінде спорттық алаңшаның ашылу салтанаты болып өтті.

Алаңшаның салтанатты ашылу рәсіміне мектеп директоры Исакова Нурипа Әуелқызы және Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Төлеміс Елібек Худиярұлы, «Көркем әжелер» тобының мүшесі Искакова Анипа, ата-аналар, жергілікті тұрғындар қатысты.

ШЫМКЕНТТЕ СПОРТ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА БАСТАДЫ

- Білім ортасында бірнеше спорт үйірмелері жұмыс істейді. Үйірме жетекшілері жаңадан ашылған алаң арқылы волейбол мен кіші футболды дамытып, жетістікке жетеміз деп отыр. Сайып келгенде, мұның барлығы да балалардың болашағы үшін жасалып отырған игілікті істер. Білім нәрімен сусындаған, дені сау ұрпақ ертеңгі ел жүгін көтерер азамат болары хақ, - деді мектеп директоры Н. Исакова.

Фото: Шымкент қаласының баспасөз қызметі

Бұқаралық спорттың қолжетімділігі – дені сау ұлт қалыптастырудың басты шарты. Қалада бұл бағыттағы жүйелі іс-шаралар одан әрі жалғасын табатын болады.

Фото: Шымкент қаласының баспасөз қызметі

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар