Әл-Фараби ауданы көркі мен санитарлық тазалығы басты назарда. Аудандағы көп қабатты үйлердің санитарлық-тазалық жұмыстары мен аула, ішкі орам жолдарының тазалығын қамту 7 секторға бөлініп атқарылады. Әр уаумаққа аудан әкімі аппаратының жауапты мамандары бекітілген.
Мердігер «Нұреке Азия Бизнес» ЖШС-і №1, 3, 7 аумаққа жауапты. Ал «Айдынбек» мекемесі №2, 4, 5, 6 аумақтағы көпқабатты үйлердің ауласын аптасына 4 рет, жеке секторда екі рет тазалық жұмысын жүргізеді.
Орталық көшелерді жуу, арнайы техникамен сыпыру, жиналған лас судан арылту, қыста қардан тазарту, тайғаққа қарсы инертті материалдарды себу, аялдамаларды, аяқжолдарды, ирригациялық арықтарды, жиектастар жанын тазалау жұмысы мердігер «ЛТД Тұрмыс» тарапынан атқарылуда. Аудандағы тазалығына жауапты мердігерлер жыл басынан бері қаланың қоқыс полигонына 59 651 м3 қоқыс шығарған.
Ауданның басты 71 көше бойындағы ағаштар пен гүлдерді жалпы жасыл-желектерді «БЮЛД СТРОЙ» ЖШС-і күтіп, ұстайды.
Қаланың жаз мезгілінде гүлденуі үшін 166 695 дана жаздық гүл (цинния, шафран, бонанза, вербинья, гвоздика, петунья, сальвия, шабо, петушок) егілді. Көпжылдық гүлдерден, бұталар мен раушандардан түзілген сан алуан гүлзарлар – миксбордерлер жасалуда.
Биыл орталық көшелерге көпжылдық гүлдерді отырғызуға басымдық берілді. Жыл басынан 18 525 түп роза гүл көшеті мен 184 мыңға жуық түрлі-түсті көпжылдық гүл көшеттері егілді. Күз мезілі келгеніне қарамай суыққа төзімді көпжылдық гүлдердің әсемдігі қала көркіне көрік қосып, тұрғындардың көзаймына айналды.
Пікір қалдыру