Шымкент қаласының әкімі онлайн-қабылдау өткізді

/image/2021/11/18/crop-86_8_825x1100_11.jpg

Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар жетекшілеріне азаматтардың сұранысы мен талап-тілектерін мұқият қарап, жедел әрі тиімді шешуді тапсырған болатын.

Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар жетекшілеріне азаматтардың сұранысы мен талап-тілектерін мұқият қарап, жедел әрі тиімді шешуді тапсырған болатын.Шымкент қаласының әкімі ай сайын азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізеді. Қала басшысы Мұрат Әйтеновтің бүгін өткізген онлайн режимдегі қоғамдық қабылдауына  жазылған азаматтар өтініш-тілектерін жеткізді.

Шаһар басшысының қабылдауына жазылған Қазығұрт шағынауданының тұрғыны Г.Қарасаева көшені жарықтандыру, тазалық, аялдаманы қалыпқа келтіру және жол мәселесін қозғады. 

Қала әкімі көшелерді жарықтандыруда бірінші кезекте әлеуметтік нысандар орналасқан орталық маңызға ие көшелерді қамту жоспарланғанын, сондықтан Арыстанбаб көшесін жарықтандыру 2023 жылғы жоспарға енетінін айтты. Отырар көшесі мен Арыстанбаб көшесі қиылысындағы аялдаманы осы айда қалыпқа келтіру туралы сала басшысына нақты тапсырма беріп, мәселені өз бақылауына алды.

Жол енін кеңейту туралы өтініші үйлердің орналасуы себебінен мүмкін еместігі айтылды. Көше тазалығы жөнінде аудан әкіміне тапсырма беріп, тұрғындарды да тазалыққа жауапкершілікпен қарауға шақырды. 

Ал Ақжайық шағынауданының тұрғыны А.Қалдыбекова мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығын ашу ниеті бар екенін айтып, орталықты салуға жер телімін беру жөнінде өтінішін жеткізді. 

Қала әкімдігі инвестициялық ынтымақтастыққа әрдайым ашық. Жақсы бастама. Жобаны егжей-тегжейлі талқылау үшін «Shymkent» ӘКК» басшылығы Сізбен жеке кездесетін болады, - деп корпорация төрағасына тұрғынмен кездесіп, инвестициялық саясатты іске асыру мәселелері бойынша нақты түсініктеме беруді, нәтижесі бойынша баяндауды тапсырды.  Жер, заңсыз құрылыс мәселесімен келген азаматтарға да қала әкімі заң тұрғысында шешілу жолдарын түсіндіріп, әрбір мәселе шешімін тапқанша өз бақылауында болатынын жеткізді.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар