Әкім орынбасары тұрғын үйлердің күрделі жөндеу жұмыстарын бақылады

/image/2021/11/18/crop-14_59_749x998_085605161300.jpg

Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес, Ерғали Білісбеков күрделі жөндеуден өтіп жатқан үйлерді аралап, тұрғындарымен кездесті.

Әкім орынбасары ең алдымен «Күншығыс» шағын ауданындағы №21 үйдің күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Ширек ғасырдан астам уақыт жөндеу жұмыстары жүргізілмеген 60 пәтерлі тұрғын үй бүгінде толығымен қайта жаңғыртылып отыр.

Үй төрайымы Жамиля Досболованың бұл үйде тұрғанына 14 жыл болған. Соңғы кездері шатырдан жаңбыр өтіп, әбден әбігерге түскендерін айтады. Өзекті мәселенің шешімі табылып, тозығы жеткен тұрғын үйдің қайта жаңғырғанына қуанышты.

Е.Білісбеков №17 үйдің де жұмыс сапасын бақылады. Тұрғындары бірауыздан ортақ шешім қабылдап, күрделі жөндеу жұмыстарына келісім берген. Нәтижесінде жергілікті бюджет есебінен қаражат бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары қайтарымды негізде жүргізілуде.

Биыл қалада «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 25 көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмысын жүргізу жоспарланған. Нәтижесінде ескірген үйлердің шатыры мен инжернерлік коммуникация жүйелері жаңартылып, жертөлелері қайта жөнделуде.

Тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану шараларына сәйкес, қалада коммуналдық тұрғын үй қорындағы 11 көпқабатты тұрғын үйге ағымдағы жөндеу жұмыстарын да жүргізу қарастырылған. Жөндеу жұмыстарын таяуда толығымен аяқтау жоспарлануда. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар