Бүгінде аталған нысандарда құбырларды жуып-шаю және жалпы тексеру жұмыстары жүргізілуде.
4,48 шақырымдық суаққы құрылысы “Сарыағаш-Аман” ЖШС тарапынан 2020 жылдың мамыр айында басталып, құрылысы 100 % аяқталды. Ал 9,37 шақырымдық магистралды суаққы құрылысы да өткен жылдың маусым айында басталып, жұмыстар толық аяқталған.
Сондай-ақ, 10,61 шақырымдық магистралды су құбырының құрылысы 2021 жылдың мамыр айында басталып, жұмыстар толық аяқталды. Аталған магистралды құбырлардын тексеру жұмыстары аяқталғанда 100 мыңнан аса адам сапалы суға қол жеткізеді.
Пікір қалдыру