"Тұман, көктайғақ, қар". Қазгидромет алдағы ауа-райы болжамын жариялады

/image/2021/11/22/crop-123_10_824x1098_1__22_.jpg

Қазгидромет 23-25 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктер мәліметінше, Қазақстанда солтүстік-батыс циклоны мен оның фронталды бөлімдерінің әсері сақталады. Сондықтан ауа райы тұрақсыз болып, жауын-шашын (көбінесе қар түрінде) жауады, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс бөлігінде қар күтіледі.

Республика бойынша тұман, көктайғақ, сондай-ақ екпінді жел, солтүстік жартысында бұрқасын болжанады.

Батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте түнде 2-10 градустан 18-23 градусқа дейін, күндіз 5 градус суықтан 5-15 градусқа дейін аяз күтіледі.

Орталықта және шығыста түнде 0-8 градус суық, күндіз 3 градус суық, оңтүстік өңірлерде ауа температурасы түнде 6 градус суық, күндіз 9-17 жылы болады деп болжанып отыр.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар