15 қыркүйекте Вена қаласында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігі (АЭХА) Бас конференциясының 59-шы сессиясы басталды.Бұл туралы "Қамшы" порталы ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлайды.
164 мүше мемлекет делегациялары АЭХА жыл сайынғы физикалық ядролық қауіпсіздік баяндамаларын, сондай-ақ Агенттіктің есебін, бағдарламасын және бюджетін қарастырады. Бас конференцияның шеңберінде қатысушылар ядролық энергетиканың келешек дамуы, ядролық және радиациялық қауіпсіздік салаларындағы халықаралық ынтымақтастықтың күшеюі, ядролық энергияны, ядролық технологияны бейбіт мақсатта пайдалану және қолдану, техникалық ынтымақтастығын, кепілдіктердің тиімділігін және әсерін нығайту мәселелеріне ерекше назар аударады.
Бас конференцияның жұмысында Қазақстанның Энергетика министрі Владимир Школьник бастаған делегация қатысуда. Қазақстан делегациясының құрамына ҚР СІМ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, Ұлттық ядролық орталығының өкілдері және т.б. кірді.
Қазақстан делегациясының басшысы Генконференцияның ашылуында жасалған баяндамасында еліміздің ядролық қарусыздану саласындағы жетістіктеріміз айтылды, ҚР мен АЭХА арасындағы ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдалану саласында сәтті ынтымақтастығын атап өтті. Қатысушылар ұлттық ядролық энергетика бағдарламаларын және атом саласын дамыту бойынша жоспарларымен таныстырылды. АЭХА мүше мемлекеттері Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қаруды таратпау бастамаларына, соның ішінде АТОМ жобасына назар аударды.
В. Школьник АЭХА Бас директоры Юкиа Аманомен, Иран, АҚШ, Жапония, Франция, Ресей, Үндістан елдердің делегация басшыларымен кездесті. Кездесу барысында өзекті ынтымақтастық мәселелері және «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу мәселесі талқыланды.
Бас конференцияның өткізілу кезеңінде БҰҰ Венадағы бөлімшесінде «Қазатомпром» ҰАК» АҚ көрмесі жайылды.
АЭХА Бас конференциясының жұмысы 18 қыркүйекке дейін жалғасады.
Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігі 1957 жылы құрылды. 1994 жылы 14 ақпанда Қазақстан Республикасы 121 АЭХА мүше мемлекеті болып қосылды.