Елімізде биыл 269 мың адам жұмыспен қамтылды

/uploads/thumbnail/20170708195503430_small.jpg

Биыл «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында елімізде 269 мың адам жұмыспен қамтылды. Бұл туралы "Қамшы" порталы Baq.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды

Бұл жайында «Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық талдау орталығы» АҚ-ның президенті Дәулет Арғындықов журналистерге арналған брифингте мәлім етті.
Оның айтуы бойынша, еліміздің барлық өңірлеріндегі жұмыссыздық деңгейі 5% -дан аспаған.
Былтырғы жылмен салыстырғанда жұмыссыздық өсімі 0,7% -ға төмендеді, яғни жұмыссыздар саны 448,5 мың адамды құраған.
«Егер Қазақстандағы еңбек нарығын дамыту туралы айтар болсақ, қазіргі таңдағы беталысты ескере отырып, 2020 жылға дейін еңбекке деген сұраныстың орташа жылдық өсімі 1,5% көрсеткішті құрайтын болады. 2016 жылы еңбек сұранысы 124 мың адамды құрайды, 2020 жылы 163 мыңға дейін өседі», - деді ҚР ДСӘДМ «ЖҚП АТО» президенті. 
Айта кетейік, жалпы «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы негізінде 460 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. 
Болашақта мұғалімдерге, денсаулық сақтау мамандарына, орта медициналық қызметкерлерге сұраныс артады.

Қатысты Мақалалар