“Ең төменгі жалақы 60 мың теңге”. Тоқаев заңға қол қойды

/image/2021/12/02/crop-48_1_816x1088_601d20d1d250a117510799.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады. 

Заңға сәйкес 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап:

  • ең төменгі жалақы – 60 000 теңге;
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 19 450 теңге;
  • ең төменгі зейнетақы – 46 302 теңге;
  • айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 063 теңге;
  • ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшері - 36 018 теңге.

    Заң 2022 жылы күшіне енеді.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар