- «Нұр Отан» партиясының Алматы облысында өкілдері мемлекеттік бағдарлама бойынша салынып жатқан нысандарды тексеруін жалғастыруда. Бұл туралы "Қамшы" порталы Бак.кзке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Аталған нысандар қатарына мектептер, балабақшалар, тұрғын үйлер мен жол құрылысы бар. Олар осылайша Ұлттық қор қаражатының мақсатқа сай жұмсалуын тексерумен қатар, құрылыстарда іс жүзінде еңбек етіп жатқан адамдар санын және құрылысшылардың еңбек құқықтарының сақталуын қадағалауды көздеп отыр. Әзірге «нұротандықтар» тарапынан бұзушылықтар анықтаған жоқ. Бірінші тоқсанда мердігер ұйымдарға қаражат толық бөлінбей, нысандарды тапсыру мерзімі 3-4 айға кейін шегерілген болатын. Қазір бұл мәселе түпкілікті шешілді. Құрылыс нысандары тапсырылғаннан кейін «Нұр Отан» мүшелері құрылыс сапасы мен аяқталу мерзімінің сақталуын тағы бір тексермек. Жалпы Алматы облысы бойынша Ұлттық қор қаражаты есебінен 41 нысан салынуда.
Серік Мұқанов, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары - Барлық нысандардың қаржылары келді. Енді жол мен ЖКХ қаржысын, орындалып жатқан мәселесін барып көргеннен соң айтамыз. Осы алты аудандағы әлеуметтік сала, яғни балабақша, мектептерді аралап қарап шықтық. Жұмыс өзінің графигі бойынша келе жатыр. Қаржы толығымен келді. Сапасы өте дұрыс. Ешқандай наразылық жоқ.
Пікір қалдыру