Алматыда жас қыз көп қабатты тұрғын үйдің 12 қабатынан секіріп кетті. Ақпарат kris__almaty instagram парақшасында жарияланды.
Қайғылы оқиға Ақсай 1А ауданындағы 8-үйде болған. Аталған іс қылмыстық кодекстің 105-бабы (өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) бойынша тіркелді. Қазір тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда.
Алматыда жуырда ғана осыған ұқсас жағдай болған. Жетісу ықшамауданында көпқабатты үйлердің бірінде әйел 9-қабаттан алдымен үш баласын лақтырып, кейін өзі секіріп кеткен болатын. Әйел мен екі баласы оқиға орнында көз жұмса, тағы бір бала жедел жәрдем көлігінде қайтыс болған.
30 қараша күні Қостанайдағы көпқабатты үйлердің бірінде 23 жастағы бойжеткен 5-қабаттан құлап қайтыс болған.
Пікір қалдыру