Астана қаласы Статистика департаментінің хабарлауынша, 2015 жылғы қаңтар-тамызда өнеркәсіп өнімінің (тауарлар, қызметтер) көлемі 165,6 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар, аталған кезеңде өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 2014 жылғы қаңтар-тамыздағы деңгейге қарағанда 104,2% болды. Бұл туралы "Қамшы" порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Өңдеу өнеркәсібіндегі өнімнің нақты көлемі 2014 жылғы қаңтар-тамыздағы деңгеймен салыстырғанда 4,9% өсті және қолданыстағы бағамен 126 млрд теңгені құрады. Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемінің өсуі металлургия өнеркәсібінің, жиһаздан басқа ағаштан және тоздан жасалған бұйымдарды өндіру, сабаннан және өруге арналған материалдан жасалған бұйымдар өндірісінде байқалады.
Құрылыс индустриясы кәсіпорындарымен цемент, бетон немесе жасанды тастан жасалған тақтайшалар, тақталар, кірпіштер және ұқсас бұйымдар (111,6%), тауарлы бетон (109,2%) өндірісінің өсімі қамтамасыз етілді.
2015 жылғы қаңтар-тамызда электр энергиясымен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда өнім (тауар, қызмет) көлемі 34,3 млрд теңгені құрады, аталған кезеңдегі нақты көлем индексі 2014 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 102,5% болды.
Пікір қалдыру