АҚШ, Ұлыбритания, Канада және Австралия Қытайдағы адам құқықтарының жағдайына алаңдаушылық білдіріп, ақпан айындағы қысқы Олимпиадаға үкімет өкілдерін жібермейтіндерін мәлімдеді.
Ал Франция президенті Эммануэль Макрон 2022 жылы Бейжіңде өтетін ойындарға дипломатиялық бойкот жариялауды жоспарлап отырмағанын мәлімдеді.
Макрон мұндай қадамның елеусіз және жай ғана символдық болатынын айтты.
Бейжің Олимпиадасына бойкот жариялаған елдердің саны артып келеді. Батыс елдері Қытайда, соның ішінде Шыңжаңдағы қазақ, ұйғыр және басқа да азшылықтарға қатысты адам құқықтарының бұзылуына алаңдаушылық білдіреді.
Пікір қалдыру