Қазгидромет 11-13 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің дерегінше, Қазақстанның солтүстік және шығыс жартысында аяз болады.
Солтүстік-батыста кезекті антициклонның жылжуына байланысты алдымен батыста, содан кейін Қазақстанның солтүстігінде күн суытады. Бұл өңірлерде түнгі уақытта сынап бағаны 15-25 градусқа дейін төмендейді.
Тек оңтүстік аймақтарда жылы болады. Бірақ мол жауын-шашын, мұз құбылыстары күтіліп, ауа температурасы өте қолайлы болады деп болжанады.
Пікір қалдыру