Қазақстандағы машина құрылысы өндірісінде өсім сақталады - А. Рау

/uploads/thumbnail/20170708195521521_small.jpg

Қазақстандағы автокөлік өнеркәсібі мен машина құрылысы өндірісінде өсім сақталады. Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау мәлім етті.Бұл туралы "Қамшы порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Бізде бұл бағытта 30 пайызға жуық төмендеу болды, алайда тамыздың қорытындысын қараған кезде, еліміздегі автоөнеркәсіп тамыз айында  шілдеге қарағанда 7 пайыз өсімді көрсетті. Атап айтқанда өткен айда машина құрылысының барлық секторларында өсім байқалды»,-деді министрдің орынбасары ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі мемлекетаралық кеңесінің кезекті отырысы барысында тілшілер сауалына жауап беру кезінде.

А. Раудың пайымынша, бұл саладағы оң көрсеткіштер қыркүйекте және алдағы айларда да сақталатын болады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар