Еліміздегі энергия өндіру көрсеткіші 63,1 млрд кВтсағ. құрады

/uploads/thumbnail/20170708195522761_small.jpg

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңындағы баспасөз мәслихаты қысқы маусым кезеңіндегі жылыту мәселесінің жай-күйіне арналды. Тақырыпқа қатысты БАҚ өкілдерінің алдына пікір білдіруге келген Энергетика министрлігінің Атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасы Сұңғат Есімханов еліміздегі энергия өндіру көрсеткіші 63,1 млрд кВтсағ. құрағандығын айтты. Бұл туралы "Қамшы" порталы Baq.kz –ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

- Ағымдағы жылдың 18 қыркүйегіне дейінгі жағдай бойынша республика көлемінде өндірілген электр энергиясының көрсеткіші 63,1 млрд кВтсағ. құрады. Мұны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қалыпты жағдай ретінде бағалауға болады. Ал енді өндірілген өнімнің тұтыну мөлшері – 63,2 кВтсағатқа тең болып отыр, - деді Сұңғат Қуатұлы.

Жалпы алғанда еліміздің электр энергетикалық жүйесі тұтас тұрақты әрі қалыпты жағдайда Ресей Федерациясы мен Азия елдері энергетикалық жүйелерімен қатарласа қызмет көрсетуде деп айтуға толық негіз бар.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар