Алматы мешіттерінің 100 діни қызметкерлеріне арналған курс өткізілді

/image/2021/12/14/crop-5_126_444x790_whatsapp-image-2021-12-14-at-11.45.41.jpeg

Маусым айында, қоғамдық бірлестік үкіметтік емес ұйымы «Адам және Қоғам» жоба аясында Алматы қаласындағы мешіттердің білікті теолог-сарапшыларын тарта отырып, қала мешіттерінің 100 діни қызметкерлеріне арналған 5 курс өткізілді. Курс барысында дәстүрлі құндылықтар және деструктивті діни ағымдардың ұстанушылармен жүргізілетін жұмыстың негізгі әдістері туралы ақпаратты жеткізілді. Әр курстың ұзақтығы 6 сағаттан 3 күнді құрады. Курстар келесі бағыттар бойынша өтті: "деструктивті діни ағымдарды ұстанушыларды дерадикализациялау", "заңнамалық нормативтік-құқықтық актілердің Үстемдігі", "дәстүр мен діндердің үйлесуі". Курс қатысушылары үшін үзіліс кезінде кофе-брейк ұйымдастырылып, соңында әр қатысушыға сертификаттар табысталды.

2021 жылғы 1 шілдеден бастап "Адам және Қоғам" ҮЕҰ ҚБ Алматы қаласының орталық мешітімен бірлесіп, Алматы қаласы Дін істері басқармасының қолдауымен "діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша, сондай-ақ Алматы қаласындағы мұсылман діндар контингенті арасында дәстүрлі рухани сананы қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізу"жобасы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қызмет көрсету жұмысын бастады.

Іс-шараларды өткізу кезінде Алматы қаласы мешіттерінің имамдары 400 дәріс өткізді, оның барысында 155 мың 624 жамағат қамтылды. Сонымен қатар, Алматы қаласы жамағаттары үшін 50 чат құрылды. Аталған чаттар мен топтарда тұрақты негізде аптасына екі рет деструктивті діни идеологияның беделін түсіретін қарсы насихат материалдары, сондай-ақ Алматы қаласы Дін істері басқармасының келісімі бойынша мотиваторлар және басқа да ақпараттық материалдар таратылады. Қазіргі уақытта чаттарға 150 мотиватор жіберілді. Сондай-ақ, Алматы қаласындағы мешіттердің 15-50 жас аралығындағы жамағаттардың арасында қазақ ағартушылары Абай Құнанбай, Ыбырай Алтынсарин, Шәкәрім Құдайбердінің және т.б. әндерін жатқа оқу бойынша байқау өткізілді. Аталған іс-шара Алматы қаласы Дін істері басқармасының қолдауымен Алматы қаласының орталық мешітімен бірлесіп өткізілді. Ақындық оқулар кезінде қатысушылар шығармаларды жатқа оқып қана қоймай, әр сөздің мағынасын жеткізіп, өлеңнің мәнін жеткізу үшін мәнерлеп оқыды. Аталған іс – шараның негізгі мақсаты-мешітке келушілер арасында классикалық және жаңа әдебиеттерді насихаттау, мәдени және рухани даму үшін қазақ ағартушыларының шығармаларын оқуға тарту.

Сонымен қатар, Azan.kz сайттында 50 шақты имамдардың мақаласы жарияланды.

Instagram, facebook әлеуметтік желілеріндегі және Youtube видеохостингіндегі ҚМДБ Алматы филиалының ресми парақшаларында тұрақты түрде қарсы насихаттық мазмұндағы материалдар жарияланып тұрады.

Деструктивті діни ағым идеологиясының зияндылығы туралы ұзақтығы 2 бейнеролик дайындалып,  және деструктивті діни ағым идеологиясының зияндылығы туралы, белгілі қазақ ағартушыларының сөздері мен дәйексөздерін пайдалана отырып, Жобаны аясында «Адам және қоғам» ҮЕҰ-мы қосымша Әбу бакр колледж медресесінде қайырымдылық іс-шарасын өткізді.

Қоғамдық бірлестік ҮЕҰ «Адам және қоғам» директоры Нургалиева Гүлім Тұрсынбайқызы

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар