Қазақстандықтар зейнетақы төлемдеріне жер учаскесін сатып ала алады

/image/2021/12/16/crop-0_25_861x1147_4394493e-788d-459b-a55f-eebddf1523b9.jpeg

Енді қазақстандықтар біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер учаскесін сатып ала алады. Бұл туралы "Отбасы банк" басқарма төрайымының орынбасары Нұрлан Ақшанов хабарлады.

– Біржолғы зейнетақы төлемдерін тағы бір мақсатта қолдануға болады. Енді БЗТ арқылы жер учаскесін сатып алуға болады. Жер учаскесінің нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке үй телімі болуы керек, – деді басқарма төрайымының орынбасары. 

Отбасы банк жер теліміне 24 ай ішінде үй салып, қажетті құжаттарды өткізуі тиіс екенін ескертті.

Қажетті құжаттар тізімі:

  • Қолданысқа енгізілу актісі;
  • жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама.
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар