Алакөл инфрақұрылымы оң шешімін тауып келеді

/uploads/thumbnail/20170708195528116_small.jpg

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің Талдықорған қаласында филиалы ашылуына орай, БАҚ өкілдері үшін арнайы баспасөз мәслихатын өткізген Алматы облысы әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев жыл өткен сайын Алакөлдің инфрақұрылымы оң шешімін тауып келе жатқандығын атап өтті. Бұл туралы "Қамшы" порталы Baq.kz –ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

- Соңғы жылдары біз Алакөлге ағылатын туристерді одан сайын көбейте түсу үшін, ол жақтың инфрақұрылымын дамытуды мемлекеттік деңгейде қолға алғанымыз белгілі. Осы мақсатпен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бірлесе отырып, Алматы қаласы мен Көктума станциясы аралығындағы жолаушылар тасымалы қатынасын қамтамасыз ететін пойызды субсидияладық. Нәтижесінде, аймақтың туризм саласы дамып, туристер саны 150 мың адамға артты, - деді Серік Мелсұлы.

Айта кетейк, Алакөл инфрақұрылымын дамыту үшін «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 600 млн теңге бөлінген. Ал «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы өңірдегің қатынас жолдарды қалпына келтіру жұмыстарына жергілікті бюджеттен 307 млн теңге қарастырылған.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар