КВИ. Тағы 8 адам қайтыс болды

/image/2021/12/31/crop-87_10_548x730_c28e7407-dc02-4bb9-997b-82ff8a8e9853.jpeg

Денсаулық сақтау министрлігі 30 желтоқсан күнгі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты жариялады.

Министрлік мәліметінше, өткен тәулікте ПТР тест арқылы 480 адамнан коронавирус, 42 адамнан пневмония анықталған. 29 желтоқсанда 7 адам коронавирустан, 1 адам пневмониядан көз жұмды.

31 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 16 610 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 2 264 пациент стационарда, 14 346 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандар арасында 213 адамның жағдайы ауыр, 71 пациенттің жағдайы өте ауыр, 44 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы "Сары" аймақта.

"Жасыл" аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.

31 желтоқсандағы мәлімет бойынша 8 986 163 адам вакцинаның I компонентін, 8 515 110 адам II компонентін салдырған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар