5 қаңтардан бастап елде бірқатар жекелеген нысандарда жаңа шектеулер күшіне енеді.
"Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың қаулысы бойынша жұмыс және демалыс күндерін сауда және ойын-сауық орталықтарына, сауда үйлеріне, сауда желілеріне (азық-түлік емес, сауда алаңы 6000 шаршы метрден астам нысандарға), караокеге келушілер мен қызметкерлер үшін кіру "жасыл" мәртебе (вакцинация, сынама алынған сәттен бастап 7 күннен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР сынамасы, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, кейінгі 3 ай ішінде ауырып сауыққандар) болған жағдайда рұқсат етіледі" делінген хабарламада.
"Омикрон" штаммының таралуына байланысты елде қатаң шаралар қабылданып жатыр. Бүгінде коронавирустың бұл штаммы әлемнің 110 елінде анықталған.
Пікір қалдыру