Қазгидромет синоптиктері 1-3 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады.
"Ақ теңіз аймағынан келетін солтүстік-батыс циклоны Қазақстанның батысында жауын-шашын (негізінен қар) болуына ықпал етеді де, одан кейін шығысқа және республиканың қалған бөлігіне қарай жылжиды. Тек Алматы, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республикада жел екпіні 15-23 м/с дейін күшейеді деген болжам бар", деп жазылған хабарламада.
Батыс және оңтүстік облыстарда көктайғақ, солтүстік және орталық аймақтарда бұрқасын болады. Жалпы республикада ауа температурасы біртіндеп көтеріліп, аяздың беті қайтады.
3 қаңтарда елдің солтүстік жартысында ауа температурасы түнде -10...-18°С, күндіз -3...-8°С, оңтүстікте термометр 0...+5°С көрсетеді
Республиканың оңтүстік облыстарында сынап бағанасы түнде -0...-5 градусқа дейін төмендейді. Кей жерлерде -0..-0 градус, күндіз - 3...-13 градус болуы ықтимал.
Пікір қалдыру