«Нұр Отан» аймақтық филиалдармен селекторлық режімде Елбасының әлеуметтік жаңғыртуға қатысты мақаласын талқылады

/uploads/thumbnail/20170708195532885_small.jpg

«Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы:  Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында аталып өтілген тапсырмаларды іске асыру  жөніндегі жұмыстарды белсенді жалғасыруда. Бұл туралы "Қамшы" порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Атап айтқанда, бүгін партияның аймақтық филиалдарымен республикалық селекторлық кеңес өтіп, күн тәртібінде Елбасының бағдарламалық мақаласында аталып өтілген тапсырмаларды іске асыру барысы қаралды.

«Ұлт көшбасшысы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сүйеніші ретінде «Нұр Отан» үшін бұл тапсырманы жүзеге асыру және оның орындалуын барлық партиялық ұйымдар күштерімен бақылау қазіргі таңда негізгі басты басымдығы болып табылады. Алғашқы жедел ұйымдастырушылық шаралары аясында барлық 16 аймақта партияның Саяси кеңестерінің отырыстары, сонымен қатар барлық деңгейдегі мәслихаттардағы «Нұр Отан» ХДП фракцияларының отырыстары өткізілді. Онда бағдарламалық мақаланың іске асырылу формалары мен механизмдері және кешенді іс-әрекет жоспары талқыланды», - делінген баспасөз баянында.

Ақпаратқа сүйенсек, Елбасы бастамасын талқылау барысында әлеуметтік жаңғырту бойынша бағдарламаларды жүзеге асыруға халықты тарту жөніндегі форматтарды әзірлеу және ақпараттық-насихат жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында  еліміздің аймақтарында бастауыш партия ұйымдарында ашық жиындар өткізілуде. Атап айтанда, бүгінгі күнге дейін  3 000-ға жуық бастауыш партия ұйымдарында 420 000 адамды қамтыған іс-шаралар өткізілді.

Сонымен қатар, селекторлық кеңесте партия Орталық аппаратының басшысы Құмар Ақсақалов аймақтық филиалдардың есебінің негізінде алғашқы жедел ұйымдастырушылық шараларының қорытындысын шығарып, партиялық құрылымдардың алдына нақты тапсырма қойды. Соның ішінде, ең бірінші кезекте ақпараттық және түсіндіру жұмыстарына көп көңіл бөлініп отыр. Оның мақсаты Елбасының бағдарламлық мақаласында қойылған тапсырмалар туралы халықты барынша ақпараттандыру болып табылады. Сонымен бірге, еліміздің әлеуметтік жаңғыртылуына бағытталған белсенді жұмыстарға әрбір партия мүшелерін тарту ісіне назар аударылып отыр. 

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар