«Мәдени мұра» бағдарламасы аясында 160 том кітап басылып шықты - Ә. Асқаров

/uploads/thumbnail/20170708195532158_small.jpg

Қазақстанда Елбасының бастамасымен жүзеге асқан «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында 160 том кітап жалпы таралымы 350 мың таралыммен шығарылды. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Әлібек Асқаров осылай мәлім етті. Еске сала кетейік, брифинг «Елдің тарихы мен мəдениеті - болашағы тұтас ұлт» тақырыбында өткен болатын. Бұл туралы "Қамшы"порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып хабарлайды. 

«Мемлекет басшысы айқындаған бес институционалдық реформаның негізгі бір бағыты - болашағы тұтас ұлт қалыптастыру. Ал елдің өткенді бағалап, ұлт тарихы мен мәдениетін терең зерделемей тұрып елдің болашағы туралы әңгіме айту да мүмкін емес», - деді Әлібек Асқаров. Оның айтуынша, тарихты зерттеу, ең алдымен, көне қолжазбалар мен кітаптарға жүгініп, кітапханалардағы қолжазбалармен тынымсыз әрі мұқият жұмысты талап етеді.

«Осы бағытта Алматыдағы Ұлттық кітапхана Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу мен «Мәңгілік ел» патриоттық жобасы аясында түрлі шаралар өткізіп келеді. Айталық, биылғы жылдың басынан бері біз кітапханада үлкен көрме ұйымдастырып жатырмыз, онда келушілер үш мыңнан астам қолжазбалармен, сирек кездесетін тарихи құжаттармен, кітаптармен таныса алады», - деді Ә. Асқаров. 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар