Алматыда төтенше жағдай кезінде 23:00 мен 07:00 аралығында коменданттық сағат жарияланады.
Қалаға кіру, қаладан шығу, қала ішінде жүріп-тұру шектеледі.
Оқ-дәрі сатуға тыйым салынып, дәрі мен алкоголь сатылымы қатаң бақыланады.
Алматыда ел тарихындағы аса ірі халық наразылығы болып жатыр. Наразылық Жаңаөзенде сұйытылған газ құнының қымбаттауына қарсы өткен митингтерге қолдау ретінде басталған. Алайда халық талабынан кейін автокөлік газы бұрындағыдай 50 теңгеден сатылатын болцп шешілгеніне қарамастан халық алаңдардан тарқамады.
Олар саяси талаптар қойып, үкімет пен Н.Назарбаев отставкасын талап етті.
Халық наразылығы Алматыда кей жерде жаппай тәртіпсіздікке ұласып, ереуілшілер бірнеше полиуия көлігін өртеп, аударып тастады.
Пікір қалдыру