Асқар Қуанышұлы Омаров Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.
Асқар Омаров 1976 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. "Тұран" университетін бітірген.
1997-1998 жылдары - "Мәдениет проблемаларының республикалық ғылыми орталығы" әлеуметтік-экономикалық проблемалар секторының жетекші маманы. 1998-1999 жылдары - "Қазақстанның шағын бизнесі" журналында маркетинг жөніндегі маман, 2001-2005 жылдары - "РГ" новости недели" ЖШС корреспонденті, 2005-2006 жылдары - "Қазақстан "РТРК" АҚ - "Астана" филиалы ақпараттық-талдау бағдарламалары дирекциясы Алматы бюросының шеф-редакторы болған.
Мұнан кейін түрлі жеке ұйымдарда басшылық қызметтер атқарған.
- 2008-2010 жылдары - "Нұр-Медиа" ЖШС директоры, бас директорының орынбасары.
- 2011-2013 жылдары - "Түркі академиясы" КЕАҚ вице-президенті.
- 2014 жылы - "Астана ЭКСПО-2017 "ҰК" АҚ басқарушы директоры.
- 2016-2017 жылдары - қоғамдық қор президенті.
- 2017-2020 жылдары - "ҚазАқпарат" ХАА ЖШС бас директоры.
- 2020 жылдың қаңтарынан бастап - "ҚазАқпарат" ХАА АҚ басқарма төрағасы.
Пікір қалдыру