Алматыда 17 қаңтардан бастап метро жұмысын бастайды. Бұл туралы қалалық мобильділік басқармасы хабарлады.
"Алматы метросы ағымдағы жылдың 17 қаңтарында сағат 07.00-ден 21.00-ге дейін жолаушылар үшін ашық. Пойыздардың қозғалыс аралығы қарбалас уақытта 10 минут, ал қалған уақытта 13 минут болады. Метро кестесіндегі қосымша өзгерістер кейінірек хабарланады" делінген басқарма таратқан ақпаратта.
Сонымен қатар, 17 қаңтардан бастап қаладағы қоғамдық көліктер, оның ішінде троллейбустар мен қала маңындағы маршруттар сағат 21.00-ге дейін жүреді. Осылайша, қалалық маршруттар сағат 08.00-ден 21.00-ге дейін, қала маңындағы маршруттар – 09.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс істейді.
Пікір қалдыру