Алматы полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов қаладағы тәртіпсіздіктерден қанша адам қайтыс болғанын айтты. Бұл туралы ол орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте мәлімдеді.
Сонымен қатар брифингте Қанат Таймерденов қаладағы мәйітханалардан 41 мәйіт ұрлалғанын мәлім етті.
Кеше Қазақстанның Бас прокуратурасы қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев елде тәртіпсіздіктер кезінде жалпы 4578 адам зардап шеккенін мәлімдеген. Оның ішінде 4353-і жараланған, 3393-і құқық қорғау органдарының қызметкерлері екені анықталған. 225 адам қайтыс болған.
Еске сала кетейік, 2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары сұйытылған газдың қымбаттауына байланысты митингке шығып, ұзамай елдің өзге өңірлерінде де халық наразылығы өткен. Бейбіт митинг түрінде басталған наразылық шараларының соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласқан. Соның салдарынан Алматы, Талдықорған қалалары қатты зардап шекті. Тәртіпсіздіктер кезінде әкімдік ғимараты өртенді, президент резиденциясы басып алынды. Дүкендер, сауда орталықтары, банк кеңселері мен банкоматтар тоналды.
Пікір қалдыру