Білім және ғылым министрлігі студенттер көктемгі семестрде дәстүрлі/аралас форматта оқитынын мәлімдеді.
Ал, басқа қаладан келетін студенттер студенттер үйіне немесе жатақханаларға орналастырылады.
Сондай-ақ, министрлікпен келісе отырып, 1 курс студенттеріне оқу процесін онлайн форматта ұйымдастыруға рұқсат етіледі.
Айта кетейік, бүгін Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрайымы Гүлмира Каримова эпиджағдайдың күрделене түсуіне байланысты Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қаласында оқушылар үшінші тоқсанды онлайн форматта бастағанын мәлімдеді.
Пікір қалдыру