"Nur Otan" партиясының кезектен тыс съезі қашан өтетіні белгілі болды

/image/2022/01/19/crop-17_6_290x387_nur-otan-sezd.png

"Nur Otan" партиясының кезектен тыс XXI Съезі өткізіледі. Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Тwitter парақшасында мәлімдеді.

– "Nur Otan" партиясы Саяси кеңесінің қаулысымен 2022 жылғы 28 қаңтарда партияның кезектен тыс XXI Съезін өткізу туралы шешім қабылданды. Коронавируске байланысты шектеу шараларын ескере отырып, ол онлайн-форматта өтеді, – деп жазды Байбек.

Кезекті съезде партия төрағалығына президент Қ.Тоқаев кандидатурасы ұсынылады.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар