Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Nur Otan" партиясының төрағасы болып сайланды. Бұл туралы Ақорданың Тwitter парақшасында жарияланды.
"Партияның кезектен тыс XXI Съезінің шешімімен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірауыздан "Nur Otan" партиясының Төрағасы болып сайланды" делінген хабарламада.
– "Nur Otan" партиясына төрағалық ету – аса жауапты жұмыс. Осы міндетті атқаруды маған ұсынып, қолдау көрсеткендеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді Тоқаев.
Партияның кезектен тыс XXI Съезінің шешімімен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірауыздан «Nur Otan» партиясының Төрағасы болып сайланды.
— President Kassym-Jomart Tokayev's Press Office (@AkordaPress) January 28, 2022
Пікір қалдыру