Ержан Бабақұмаров Алматы қаласы әкімінің орынбасары лауазымынан босатылды. Бұл туралы НЕХабар телеграм каналы хабарлады.
Аталған қызметке ол 2019 жылдың шілдесінде тағайындалған.
Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы 1969 жылы 2 наурызда Талдықорған облысында туған. 1991 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "саясат тарихының оқытушысы" мамандығы бойынша бітірген.
Әр жылдары Қазақстан даму институтында, Алматы қаласы әкім аппаратында, президент әкімшілігінде, мәдениет және ақпарат министрлігінде, премьер-министр кеңсесінде істеген.
2012-2016 жылдары президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің директоры, 2019 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі болған.
Ол Алматының экс-әкімі Бақытжан Сағынтаевтың орынбасары бола жүріп, идология саласына жауапты болған.
Кеше Бақытжан Сағынтаев қызметінен кетіп, оның орнына Алматы қаласының әкімі болып Ерболат Досаев тағайындалған.
Пікір қалдыру