Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары ұсталды

/image/2022/02/04/crop-126_8_436x581_photo_387945.jpeg

Қаржылық мониторинг агенттігі Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязовтың ұсталғанын хабарлады.

"Ғ. Ниязов ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде ұсталды" делінген хабарламада.

Сот қаулысымен әкім орынбасарына 2 ай мерзімге "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған.

Тергеу жалғасуда.

Ғалымжан Ниязов Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары лауазымына 2017 жылы тағайындалған болатын.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар