Ержан Бабақұмаров жаңа қызметке тағайындалды

/image/2022/02/09/crop-107_8_426x568_b57aa310-2b09-4208-8c54-fbbc9880e49d.jpg

Алматы қаласының бұрынғы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың орынбасары болған Ержан Бабақұмаров президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры болып тағайындалды. Жарлық Ақорда сайтында жарияланды.

Мұның алдында аталған қызметте Руслан Әлішев болды.

Ержан Бабақұмаров 1969 жылы 2 наурызда дүниеге келген. 1991 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін "саясат тарихының оқытушысы" мамандығы бойынша бітірген.

Әр жылдары жылдары Қазақстан даму институтының саяси зерттеулер орталығының ішкі саясат бөлімі меңгерушісі, директоры, Алматы қаласы әкім аппаратының бас маманы, президенті әкімшілігінің әлеуметтік-саяси бөлімінің бас инспекторы, президент әкімшілігінің аға референті, кеңесшісі, сектор меңгерушісі, ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, мәдениет және ақпарат, мәдениет, ақпарат және спорт вице-министрі, мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы, президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің директоры, премьер-министр кеңсесі меңгерушісінің орынбасары, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі қызметтерін атқарған.

2019 жылғы 5 шілдеден бастап Алматы қаласы әкімінің орынбасары болған. Идеология саласына жетекшілік еткен.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар