Берік Уәли "Қазақстан" корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды

/image/2022/02/14/crop-107_4_469x626_6a1d43ed-f3a2-4fe6-b7a3-6cacac4c83e6.jpeg
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли "Қазақстан" РТРК" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Бұл туралы ұлттық арнаның баспасөз қызметі хабарлады.
 
"Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" акционерлік қоғамы директорлар кеңесі мүшелерінің кезекті отырысында Берік Уәли "Қазақстан" РТРК" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды" делінген хабарламада.

Берік Уәли 1977 жылы туған. Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын кинотанушы мамандығы бойынша, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистратурасын журналистика мамандығы бойынша, Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын "Таң" телеарнасының тілшісі болып бастап, түрлі жылдары "31 арна", "Хабар", "Qazaqstan" телеарналарының редакторы және жүргізушісі болып еңбек етті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы "Нұр Медиа" медиа орталығын басқарған.

ОҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары, ОҚО Ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы, Жамбыл облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы, "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі, ҚР Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі және ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры қызметтерін атқарған.

2019 жылғы наурызда президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалды. Сонымен қатар 2019 жылдың қыркүйек айында "ҚР президентінің телерадиокешені" КЕАҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар