"Киевке бірнеше минутта бомба түсуі мүмкін". Ұлыбритания өз азаматтарына ескерту жасады

/image/2022/02/14/crop-42_41_2563x4071_olvfvjrbifkcpc53tjtgcgvtxe.jpeg

"Ресей Украинаға ескертусіз шабуыл жасай алады" деп мәлімдеді Ұлыбритания билігі. Ұлыбритания қарулы күштер министрі Джеймс Хиппи британ азаматтарына шығыс Еуропа елінен "дереу кету керектігін" ескертті.

Хиппи "Ресей президенті Владимир Путин шабуыл туралы бұйрық бергеннен кейін бірнеше минут ішінде Украинаның қалаларына бомба түсуі мүмкін" деді.

Ол Украинадан қанша британ азаматы кеткенін білу мүмкін емес екенін айтып, онда қалғандардың барлығын "дереу кетуге" шақырды.

– Бұл – үш айдан кейін болуы мүмкін нәрсе туралы ескерту емес, бұл – келесі ескертулерге жалғасатын ескерту емес. Путин бұйрық бергеннен кейін бірнеше минуттан кейін Украина қалаларына зымырандар мен бомбалар түсуі мүмкін, бұл – британ азаматтарыың мүмкіндігі бар кезде, дәл қазір кетуі керек екенін жеткізетін ескерту, – деді Хиппи.

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон дағдарыс "сыни кезеңге" өткенін, Ресеймен келісімге соңғы дипломатиялық күш-жігер қарастырылып жатқанын мәлімдеді.

Лондон Мәскеу "кез келген сәтте" Украинаға басып кіруді жоспарлап отырғанын ескертті, бірақ Ұлыбритания премьер-министрі шиеленісті азайту үшін "мүмкіндіктер" қарастыратынын және Еуропаға сапары алдында әлем көшбасшыларымен келіссөздер жүргізетінін жариялады.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар