Түркістанда мектеп қазандығында болған жарылыс салдарынан бір адам қаза тапты. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға бүгін таңғы сағат 08:24 шамасында Сайрам ауданы, Қайнар Бұлақ ауылы, Ошақты елдімекенінде болған.
"Т.Рысқұлов көшесінде орналасқан шағын жинақты орта мектеп аумағындағы қатты отын қолданылатын қазандық жарылған. Оқиға орнында 1963 жылы туған от жағушы көз жұмды. Ал, ғимараттың 20 шаршы метр шатыры мен қабырғаларына зақым келген" делінген хабарламада.
Әкімдіктің хабарлауынша, қаза тапқан адам Ошақты ауылының тұрғыны.
Пікір қалдыру