Экс-вице-министр Ерболат Досаевтың орынбасары болып тағайындалды

/image/2022/02/16/crop-5_52_405x720_274102447_253757746931005_227553439960431236_n.jpg
 
Әсем Нүсіпова Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
 
Әсем Нүсіпова бұған дейін денсаулық сақтау вице-министрі қызмет атқарған.
 
Ол 1975 жылы 1 мамырда Алматы қаласында туған, әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің түлегі, "экономика және менеджмент" мамандығы бойынша магистратура мен аспирантураны бітірген.
 
2001-2003 жылдары – қауіпсіздік кеңесінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бөлімінің бас сарапшысы, ҚР президенті әкімшілігінің жүйелі зерттеулер орталығының сарапшысы, сектор меңгерушісі.

2003-2007 жылдары – ҚР қаржы министрінің кеңесшісі, премьер-министрдің кеңесшісі, премьер-министр кеңсесінің қорытынды сараптау бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.

2007-2008 жылдары – денсаулық сақтау вице-министрі.

2008-2016 жылдары – "ҚазТрансОйл" АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары.

2016-2019 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар