Франция президенті Эмманюэль Макрон АҚШ пен Ресей басшыларының кездесуін ұйымдастыруға шақырды. Талаптар ұсынысты қабылдап, Ресей Украинаға басып кірмесе, таяу күндері саммит өтеді, деп жазды немістің dw.com басылымы.
Макрон қос тараптың басшыларымен телефон арқылы сөйлесіп, екі жақтың келісімін алған. Кездесу барысын 24 ақпанда АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкет мен Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров кездесу кезінде әзірлейді.
Ресми Париж саммитті Ресей Украинаға басып кірмеген жағдайда ғана өткізу мүмкін екенін айтады.
Соңғы бірнеше тәулікте Ресей-Украина конфликті ұшыға түсты. ОБСЕ-нің арнайы мониторингтік миссиясы 19 ақпан күні ғана оқ атуды тоқтату режимі 1500 рет бұзылғанын мәлім еткен. Байден Кремь Киевті басып кіру туралы шешімді қабылдап қойған деп санайды.
Батыстық арнайы қызмет дерегінше, Ресей-Украина шекарасы маңында Мәскеудің 150 мың әскері орналастырылған. Кремль болса, басқыншылық жасауды жоспарлап отырмағанын айтады.
Пікір қалдыру