Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэ Ресей Украинаға басқыншылық жасап жатқан тұста өз еліне ядролық қару орналастыруға рұқсат беруді қарастыру керек екенін мәлімдеді.
Бұл туралы ол теледидарға берген сұхбаты барысында Украина дағдарысының әсерін талқылаған кезде айтты.
Қазіргі уақытта Қытай мен Тайвань арасы шиеленісіп тұр.
Қытай мен Жапония арасында да кейбір аралдарға талас бар.
Саяси тұрғыдан Жапонияның ядролық қару иеленуіне тыйым салынған.
Екінші дүниежүзілік соғыстан бері Жапония өз аумағында ядролық қаруды ешқашан иеленбеуге, өндірмеуге немесе орналастырмауға міндеттеме алған.
Абэ мырза сонымен бірге Бейжің Тайваньға шабуыл жасаған жағдайда АҚШ Тайваньды қорғайтынын түсіндіруі керек деп санайтынын айтты.
Пікір қалдыру