28 ақпаннан бастап ресейлік ұшақтарға Еуроодақ аумағының үстінен ұшуға тыйым салынды. Бұл туралы Еуропалық комиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен 27 ақпанға қараған түні мәлімдеді.
– Біз Еуроодақтың әуе кеңістігін Ресейге жауып жатырмыз. Біз Ресейге тиесілі, Ресейде тіркелген, Ресей бақылауындағы барлық ұшақтарға тыйым салып жатырмыз. Олар енді Еуроодақтың әуе кеңістігі арқылы қонып, ұша алмайды, – деді Еурокомиссия төрағасы.
Сонымен қатар, ол ЕО-ның қаржылық тұрақтылығы үшін қажетті операцияларды қоспағанда, Орталық банктің резервтері мен активтерін басқаруға байланысты операцияларға тыйым салынатынын айтты.
Бұл шектеулер Ресей Орталық банкінің атынан немесе оның нұсқауы бойынша әрекет ететін кез келген заңды тұлғаларға қатысты.
Пікір қалдыру