- Қаза тапқан әскери қызметкерлерге бірреттік компенсация – 60 960 000 теңге (5 адам)
- Қаза тапқан әскери қызметкерлерді жерлеуге компенсация – 1 166 700 теңге (5 адам)
- Әскери қызметкердің қаза табуына байланысты бес жылдық жалақысы мөлшеріндегі компансация – 52 417 800 теңге (5 адам)
26 тамыз күні кешкі уақытта Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінде өрт шығып, артынша оқ-дәрілер жарылған.
Жарылыс салдарынан 17 адам қаза тауып, әскери бөлім маңындағы Қайнар ауылындағы ғимараттар бүлінген.
Хабар-ошарсыз кеткен 34 жастағы сержант Бауыржан Дәуітбаев әлі табылмады.
Пікір қалдыру