Алдағы күндері күн 20 градусқа дейін жылиды

/image/2022/03/02/crop-5_68_713x1268_image.jpg

Қазгидромет 3-5 наурыз аралығында республиканың барлық аймағында күн жылынатынын хабарлады.

"4 наурызда циклон Жерорта теңізінен еліміздің аумағына ауыса бастайды, онымен бірге ылғал мен жылудың үлкен қорын, жауын-шашын әкеледі, негізінен жаңбыр түрінде және ауа температурасының көптен күткен жоғарылауы болжанады. Солтүстік аймақтардағы термометр бағандары күндізгі уақытта 0-5 градусқа дейін, ал оңтүстік аймақтарда тіпті 15-20 градусқа дейін көтеріледі" делінген ақпараттық хабарламада.

Синоптиктер наурыз айында елдің басым бөлігінде ауаның орташа температурасы климаттық нормадан 1-2° жоғары, Батыс Қазақстан және Атырау облысының қиыр солтүстік-батысында нормаға жуық болады деп болжайды.

Жауын-шашын мөлшері республика аумағының басым бөлігінде нормаға жуық, ал солтүстік-батыс бөлігінде нормадан көп болуы мүмкін деп күтіледі.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар