Киевке жақындап келе жатқан Ресей күштерінің ірі кортежі тоқтап қалғаны хабарланды

/image/2022/03/03/crop-7_3_301x609_101603170700.jpeg
АҚШ қорғаныс ведомствосының ресми өкілі Киевке жақын жерде ресейлік әскери көліктердің үлкен кортежі жанармай мен азық-түлік тапшылығына байланысты "тоқтап қалғанын" мәлімдеді. Ағылшын әскери барлау қызметінің бағалауы да осы ақпаратты растайды.
 
Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, ресейлік күштер оңтүстіктегі маңызды порт қала Херсонды бақылауға алған. Бұл – басқыншылық басталғаннан бергі жау қолына өткен Украинаның бірінші ірі қаласы.
 
"Мариуполь портында бірнеше сағатқа созылған атқылаудан кейін жүздеген адам өлді деп болжануда" дейді қала әкімінің орынбасары. Украина әскерилері қаланың украиндықтардың қолында екенін алға тартады.
 
Елдің екінші қаласы Харьховте де қатты атыс болды. Украина президенті Владимир Зеленский түнде өз елін жанкештілікпен қорғап жатқан азаматтардың батылдығын мадақтаған видео жариялады.
 
Біріккен Ұлттар Ұйымының ақпаратынша, басқыншылық соғыс басталғаннан бері Украинадан миллионнан астам адам босып кеткен, олардың саны тез өсіп келеді.
 
Гаагадағы халықаралық қылмыстық сот Украинадағы әскери қылмыстарға қатысты тергеу бастады.
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар